378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп жатыр

  • 579
  • UPD: 18:11, 24.11.2017

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды.

Жас спортшылар сайысына Қырғызстан, Ресей, Қытай және еліміздің барлық өңірлерінен 5 пен 14 жас аралығындағы балғындар қатысып жатыр. Турнирге қатысушылардың саны өткен жылға қарағанда екі есеге артқан. Яғни биыл мыңға жуық бала бағын сынамақ. Үш күнге жалғасатын турнир барысында жас спортшылар Рио Олимпиадасының жүлдегері ресейлік көркем гимнастика шебері Яна Кудрявцеваның шеберлік сабағына қатыса алады. «Бұл жарыс келесі жылы ақпанда өтетін республикалық чемпионат алдындағы дайындық іспетті», дейді жаттықтырушылар.

Хабар 24 телеарнасы