383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» хоккейшілері ашық жаттығу өткізді

  • 465
  • UPD: 19:44, 01.12.2017

«Барыс» сырт айдындағы сәтсіздіктерден сабақ алып, алдағы кездесулерде азу көрсетуі керек. Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан алты ойында ұтылып қалған Астана командасы шығыс конференциясының турнир кестесінде алтыншы орынға сырғыды.

Бас бапкер Евгений Корешков мұның бәрі уақытша жағдай екенін алға тартып, үйдегі ойындарда ұпай алуға ұмтыламыз дейді. 1 желтоқсан күні «Барыс» хоккейшілері ашық жаттығу өткізіп, жексенбілік матчқа дайындықтарын пысықтады. 3 желтоқсанда елордаға Магнитагорскінің «Металлург» командасы қонаққа келеді. Қазір екі команда шығыс тобындағы кестеде көрші тұр. Ресейлік ұжым бір ұпай артық жинап, бесінші орынға жайғасты. «Металлург»  лигадағы үздіктердің бірі, сондықтан бізді тағы бір сынақ күтіп тұр. Жанкүйерлердің қолдауы қажетті нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі деп үміттенеміз. Бас бапкер осылай деді. 

Евгений Корешков, «Барыс» ХК бас бапкері:

- Біздің ойында сәтсіздіктер болатынын алдын-ала білдік. Себебі бұл жолы мықты қарсыластармен қиын кездесулер болды. Қазір жігіттер аздап демалды. Енді қателіктерден қорытынды шығарамыз. Жанкүйерлердің қолдауына сенеміз. Өз айдынымызда басқаша ойын өрнегін көрсетеміз. Командаға жаңадан қосылған Джеймс Райт өзін жақсы қырынан көрсетті. Енді осы құрамды сақтап қалуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы