389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады

  • 483
  • UPD: 20:28, 01.12.2017

Мәскеудегі Кремль сарайында футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады. Салтанатты іс-шара Астана уақытымен кешкі тоғызда басталады.

Іріктеу кезеңінен өткен 32 үздік құрама рейтинг бойынша төрт себетке бөлінді. Жарыс иелері Ресей, Германия, Бразилия, Португалия, Аргентина, Бельгия, Польша және Франция секілді мықтылармен бірінші себетте тұр. Испания, Перу, Швейцария, Англия, Колумбия, Мексика мен Уругвай және Хорватия екінші себетке орналасты. Жалпы Ресейдің 11 қаласында өтетін әлемдік доп додасына жер-жаһаннан келуге ниет білдіргендер көп. Халықаралық футбол федерациясы бесінші желтоқсанда билет сатудың екінші кезеңін бастайды. Алғашқы кезеңде тапсырыстың көбі Ресейліктерден түсіпті. Шетелдіктерге билеттердің 47 пайызы сатылған.

Фальк Эллер, FIFA билеттер сату департаментінің басшысы:

- Біз осы аптада билеттер сатудың алғашқы кезеңін аяқтадық. Жалпы 750 мың билет Ресей мен алыс-жақын шетелден өз иесін тапты. Сұраныс өте көп. Билет сату кезінде ешқандай мәселелер туындаған жоқ. Қазіргі сатылымға ризамыз.

Хабар 24 телеарнасы