377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан паралимпиададан әлем чемпионатында жүзуден алғаш рет алтын алды

  • 944
  • UPD: 18:23, 05.12.2017

Қазақстандық паралимпиадашылар тарихи жеңіске қол жеткізді.

Мексикада жүзуден мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Онда жерлесіміз Наталья Звягинцева алтын жүлде ұтып алды. 50 метр қашықтыққа арқалап жүзу бойынша сынға түскен қарағандылық спортшы алдына жан салмады. Бұған қоса ұлттық құрама қоржынында 2 күміс медаль бар. Яғни 100 метрлік қашықтықта еркін әдіспен жүзуде Зульфия Ғабидуллина және дәл осы қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде Роман Агалоковтар жүлдегер атанды. Әлем чемпионаты әлі жалғасып жатыр және жерлестеріміз тағы бірнеше қашықтықта сынға түседі. Сондықтан Ұлттық паралимпиадалық комитет Қазақстан қоржыны тағы жүлдемен толыға түседі деген үмітте.

Хабар 24 телеарнасы