366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин The Ring журналының мұқабасына шықты

  • 472
  • UPD: 11:43, 07.12.2017
<span class=favorites>Головкин The Ring журналының мұқабасына шықты</span> Фото: vesti.kz

The Ring журналы желтоқсан айы санының мұқабасын жария етті, онда орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бейнеленген.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Бұл айдағы санның мұқабасындағы жұлдызы - P4P рейтингінде бірінші орынға жаңадан орналасқан Геннадий Головкин», – делінген басылымның Twitter желісіндегі парақшасында.

«The Ring, осындай құрметтеріңізге рақмет», – деп қазақстандық боксшы белгілі журналдың мұқабасына шығуы туралы пікір жазды.

Хабар 24 телеарнасы