366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Пхёнчхандағы Олимпиадаға 50 жолдама жеңіп алуды көздейді

  • 316
  • UPD: 18:54, 07.12.2017

Ал Қазақстан Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына 50 жолдама жеңіп алуды көздеп отыр.

Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрінің орынбасары мәлімдеді. Сәкен Мұсайбековтің айтуынша, дүбірлі додаға дайындық жоспарға сай жүріп жатыр. Әзірге ел қоржынында 23 жолдама бар. Оның 10-ы - биатлоншыларға, 10-ы - шорт-трекшілерге, үшеуі - конькимен мәнерлеп сырғанаушыларға тиесілі. Олимпиадаға берілетін лицензиялар 2018 жылдың 20 қаңтарына дейін сарапқа салынады. Еске сала кетейін, 23-ші қысқы олимпиада ойындары 9-ы мен 25 ақпан аралығында өтеді.

Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Біздің спортшыларымызға Олимпиадаға жол ашық. Ешқандай кедергі жоқ. Сондықтан Олимпиадаға тек ғана таза спортшылар барады. Біз таза спортты және таза спортшыларды қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы