386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» қазақ футболы тарихында алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

  • 1029
  • UPD: 18:53, 08.12.2017

«Астана» командасы тарихи жеңіске қол жеткізді.

Күні кеше футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы тур ойындары өткен болатын. Қазақстандық клуб сырт алаңда Чехияның «Славиясымен» жолықты. Тартысты өткен матч тағдырын жалғыз гол шешті. 38-минутта «Астана» сапындағы Марин Аничич мергендігімен көзге түсті. Осылайша еншісіне 3 ұпай жазған Станимир Стойлов жігіттері өз тобында екінші орынға тұрақтап, плей-оффқа жолдама алды. 

 

Айта кету керек, ел тарихында мұндай жетістік бұрын-соңды болған жоқ. Астананың кезекті қарсыласы 11 желтоқсан күні өтетін жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. Ал Еуропа лигасының плей-оффы алдағы жылдың ақпан айында басталады.

Хабар 24 телеарнасы