385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ күресінен «Еуразия барысы» өтеді

  • 597
  • UPD: 17:47, 15.12.2017

Ертең Алматыда қазақ күресінен «Еуразия барысы» өтеді.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған дәстүрлі жарысқа 9 команда қатысады. Моңғолия, Бразилия, Грузия, Камерун, Өзбекстан мен Жапония және Түркиядан балуандар келді.

Бүгін спортшылар салмақ өлшеді. Балуандар арасында самбодан әлем чемпионы грузин Пата Гвиниашвили бар. Моңғолияның «Арыстаны» атанған Даваниям Алтангерел де «олжалы қайтсам», – дейді. Өзбектер үкілеген Мухсин Хисомиддинов пен түріктер сенім артқан Ресул Сонмес те нағыз бабында. 8 салмақ бойынша өтетін халықаралық жарысқа біздің елден екі команда қатысады. Ерлан Естек баптайтын ұлттық құрамадан бөлек Ғани Келдіқұлов жаттықтыратын алматылық жігіттер де боз кілемде бақ сынайды. Конфедерация кубогында топ жарған Алматы балуандары бас жүлдеден дәмелі.

Бауыржан Тәліп, Алматы командасының жаттықтырушысы:

Ертең ұтамыз деп те ойлаймыз. Мысалы бізде 60-кг да Мағауия Ержан, 66-да бір ай бұрын өткен әлем біріншілігінде топ жарған Қасымхан Төленбай, Нығматуллаев Марат, Әбдіразақов Руслан деген көш басшыларымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы