386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конькиден Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарына 10 жолдама ұтып алды

  • 717
  • UPD: 19:49, 15.12.2017

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарына 10 жолдама ұтып алды.

Әлем кубогының төрт кезеңінен кейін халықаралық конькишілер одағы қорытынды лицензиялар санын шығарды.

Іріктеу жарыстарында Екатерина Айдова мен Федор Мезенцев көзге түсті. Екі конькишінің еншісінде үш жолдамадан бар. Олар 500, 1000 және мың жарым метрде сынға түседі. Сондай-ақ 500 метрлікте Роман Креч те жарысқа қатысады.

Станислав Палкин мен әлем чемпионы Денис Кузин де Пхенчхан олимпиадасының жолдамасын ұтып алды. Енді ақпан айында Оңтүстік Кореяда өтетін кешенді сынға кімдердің баратынын бапкерлер құрамы шешеді.

Бұған дейін шорт-трек шеберлері мен биатлоншылар да 10 жолдамаға қол жеткізген болатын. Қазір Қазақстан құрамасының спортшыларында жалпы олимпиаданың 33 лицензиясы бар.

 

Хабар 24 телеарнасы