384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы элиталы дивизионға жолдама алды

  • 466
  • UPD: 13:22, 17.12.2017

Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы енді әлем үздіктерімен иық тірестіріп өнер көрсете алады.

Францияның Куршевель қаласында элиталы дивизионға жолдама сарапқа салынған болатын. Жерлестеріміз топтық кезеңде Германия, Австрия, Латвия және Мажарстан құрамаларынан басым түсті. Ал соңғы сында жергілікті хоккейшілермен кездесті. Матч ұлттық құраманың айқын басымдығымен аяқталды. Қорытынды есеп: 6:1. Бұл көрсеткіш жерлестерімізге алдағы жылдан бастап әлемнің үздік құрамаларымен бірге сынға түсуге мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы ТОП-дивизионға 8 жылдан кейін ғана қайта оралды.

Хабар 24 телеарнасы