369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жүлдеге 1 млн АҚШ доллары тігілген үстел теннисінен турнир аяқталды

  • 256
  • UPD: 23:19, 17.12.2017

«World tour Grand Finals» атты әлемдік турдың шешуші бәсекесіне ең таңдаулы спортшылар келген еді.

Олар 4 күн бойы елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жұптық сында Қытай қыздарының жолы болды. Олар финалда жапон теннисшілерінен басым түсті. Қорытынды есеп: 4:0. Есесіне ерлер арасындағы додада жапон спортшылары алдына жан салмады. Олар шешуі сында гонгконгтық жұппен кездесіп, 4:3 есебімен басым түсті. Ал жекелей сында Қытай мен Германия теннисшілері топ жарды. Айтулы додаға еліміздің атынан Кирилл Герасименко қатысқан болатын. Өкінішке қарай кіл мықтылар арасына іліккен жерлесіміз жарысты алғашқы айналымда-ақ аяқтады.

Бақытбек Хамит, ұйымдастыру алқасының мүшесі:

– Осы жарысқа қатысқан барлық ойыншыға ақшалай сыйлық табысталды. Бұл жерде осал ешкім жоқ. Барлығы да мықты және олардың арасында біздің отандасымыз Кирилл Герасименконың қатысқаны – біз үшін үлкен мақтаныш.

Хабар 24 телеарнасы