385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейліктер Олимпиада комитетінің шешіміне байланысты спортшыларына қолдау көрсетті

  • 333
  • UPD: 18:32, 19.12.2017

Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімінен кейін ресейліктер өз спортшыларын қолдап, түрлі акциялар өткізіп жатыр.

Желтоқсан айының басында аталған ұйым орыстардың алдағы қысқы Олимпиадаға бейтарап тудың астында қатысатынын мәлімдеген болатын. «Допинг дауының астарында саясат жатыр» деп ұрандатқан орыстар флешмоб өткізді. Сібірдің аязында шешініп тастаған суда жүзгіштер Байкал көлінің мұзында конькимен сырғанады, сосын тастай суға шомылды. Олар «орыс спортшылары Байкал көлінің суындай таза, әрі Байкал көліндей құдыретті» деп ұрандатты. Ұйымдастырушылар бұл акция Ресейдің 27 аймағында қолдау тапқанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы