384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда самбодан арнайы кубок үшін турнир өтті

  • 428
  • UPD: 18:37, 27.12.2017

Қарағандыда «Астана» өңірлік қолбасшылығының кубогы үшін самбодан жарыс өтті.

Белдесуге 7 мен 12 жас аралығындағы 100-ге жуық жасөспірім қатысты. Олардың барлығы да әскери қызметкерлердің балалары. Жас палуандардың жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр. Түрлі әдіске салып, тартысты белдесу көрсетті. Чемпионаттың ең жас қатысушысы – Мариям Хамзенова 25 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алдына жан салмады. Оның әкесі әскери бөлімде жаттықтырушы. Баласын жақсылап баптағаны байқалды. «Жалпы бұл жарысты өткізудегі басты мақсат жасөспірімдерді салауатты өмірге баулу», дейді ұйымдастырушылар.

Серік Уәлиев, «Жас сұңқар» мектебінің жаттықтырушысы: 

Бұл сайыстың мақсаты – ертеңгі, болашақ Отан қорғаушы, отансүйгіш, өз жеріне, еліне қызмет етемін деген палуандарды және қыз балаларымызды өсіріп, ары қарай дамыту

Хабар 24 телеарнасы