387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік спортшылар жазаға ұшырады

  • 477
  • UPD: 08:41, 30.12.2017
Ресейлік спортшылар жазаға ұшырады РИА

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) бұрын Халықаралық Олимпиада Комитетінің комиссиясы дисквалификация жариялаған 11 ресейлік спортшыны FIS аясында өтетін жарыстарға қатыстырмайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлап отыр.

Халықаралық федерацияның қаһарына ұшыраған Александр Легков, Евгений Белов, Алексей Петухов, Максим Вылегжанин, Евгения Шаповалова, Юлия Иванова, Анастасия Доценко, Юлия Чекалева, Никита Крюков, Наталья Матвеева және Александр Бессмертныхтың жазаға ұшырауына допинг дауы себеп болып отыр. Олар енді FIS-тің райынан қайтып, өздеріне кешірім жариялауын күтетін болады.

Ақпарат көзі: prosports.kz

 

 

Хабар 24 телеарнасы