387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тау шаңғысы спортын дамытуға көңіл бөліне бастады

  • 537
  • UPD: 08:33, 02.01.2018

Универсиада ойындарынан кейін Алматыда тау шаңғысы спортын дамытуға көңіл бөліне бастады.

Осы маусымнан бастап  «Шымбұлақ» тау шатқалында жастар құрамасына арнайы жолақ бөлініп. керек-жарақтарды дайындау үшін және киім ауыстыруға арналған ғимарат берілді. Енді жас шаңғышылар сүйікті спорт түрімен алаңсыз айналыса алады.

Кәсіби шаңғы жолақтары, аппақ қарға оранған тау бөктері және таза ауа қысқы спортты жақсы көретіндерді Алматы тауларындағы осы көрініс қызықтырады. Көптеген қала тұрғындары мерекелік демалыстарын осы жерде шаңғы теуіп өткізеді. Енді биылдан  бастап «Шымбұлақ» тау шаңғысы спорт клубының тәрбиеленушілеріне жаттығу үшін арнайы жолақ берілді. 4 жыл бұрын құрылған клубтың 70 оқушысының 20-сы Қазақстанның жастар құрамасына мүше. 

Марк Шпарберг, «Шымбұлақ» тау шаңғысы спорт клубының бас жаттықтырушысы:

Клуб күн сайын дамып келеді. Биыл «Шымбұлақ» тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Олар бізге тау бөктерін берді. Төменнен киім ауыстыратын, жабдықтарымызды дайындайтын ғимарат берді. Бұл спорт командасы үшін өте қажет.

Клуб тәрбиеленушілерінің жаттығу маусымы қатарға тұрудан басталды. Команданың 12 спортшысы Австрияның мұздықтарында дайындықтан өткен. Шетелде жаттығуға өткен жылы жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар таңдап алынды. Бұл команда мүшелері үшін алғашқы тәжірибе болды.

Александра Троицкая, шаңғышы:

Меніңше, біздің тауларымызда айырмашылық бар. Ол жақтың жарлары тік және шаңғы жолақтары кәдімгідей  ұзын. Мәселен, мен мында бір түскенде шаршамаймын. Ал Австрияда үш рет тоқтауға тура келеді.  

Жас спортшылардың бұл маусымында бірнеше жарыс болады. Қаңтардың ортасында олар Чехияға халықаралық стартқа аттанады. Одан кейін, Қазақстанның жастар чемпионатында бақ сынайды. Маусым Италияның Абетонында өтетін жастар мен балалардың «Пиноккио» жарысында аяқталады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы