378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұлпарлары бас қосады

  • 429
  • UPD: 14:57, 02.01.2018
Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұлпарлары бас қосады Фото: Irecommend

Құрлықтық хоккей лигасының тұлпарлары «Барыс Аренада» бас қосып, спортсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйламақ. 

Елімізде мұндай деңгейде шара алғаш рет өткелі отыр.

Хоккей жұлдыздарының байрақты бәсекесін елордалық жанкүйер тағатсыздана күтті. Ел мерейін үстем ететін айтулы шараға санаулы күн қалып отыр. 10 қаңтарда Еуразия мықтылары Астанада бас қосады. Шараға құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Дені әлемге танымал.

Олар 4 командаға іріктеліп, өзара мықтыны анықтамақ. Дүбірлі додада елордалық «Барыстан» үш бірдей ойыншы бақ сынамақ. Команда капитаны Найджел Доус, қорғаушы Кевин Далман мен құрлықтық хоккей лигасы үздіктерінің бірі – шабуылшы Линден Вей. Қазір жігіттер қызу дайындық үстінде.

 

Хабар 24 телеарнасы