384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Мария Шараповадан үшінші рет жеңілді

  • 354
  • UPD: 18:43, 04.01.2018

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Ширек финалда ресейлік Мария Шараповамен кортқа шыққан жерлесіміз 3:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.

Ал теннисшілердің бір тобы Австралияда жүр. «Үлкен Шлем» қарсаңында жасыл құрлықта дәстүрлі жарыстар өтеді. Соның бірі бейресми әлем чемпионаты саналатын Хопман кубогы. Командалық турнирге сегіз елдің теннисшілері қатысып жатыр. «А» тобында Бельгия құрамасы жарыс иелері Австралияны жеңді. Элиза Мертенс пен Давид Гоффен жекелей сында және жұптық ойында қарсыластарынан басым түсті. Хопман кубогының иегері сенбі күні белгілі болады. 

Хабар 24 телеарнасы