387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда шахматтан жастар арасында Қазақстан біріншілігі басталды

  • 817
  • UPD: 22:03, 05.01.2018

Оған республикамыздың барлық аймағынан 800-ге жуық шахматсүйер жас қатысып жатыр.

Арасында бұл ойынды жаңадан үйренген 5 жасар балғындар да бар.

Шахмат сан ғасырдан бері сана мен ақыл-ой жүйесін дамытатын бірегей ойын. Шахмат ойнатын бала да болмысынан зерек, өзіне сенімді болып өседі. 11-рет өткізіліп отырған чемпионатта алғаш рет 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер де қатысты. 

Ақиян Әбілова, қала тұрғыны:

- Балам Ақарас. Бірінші баламның жасы бесте. Шахматқа барып жүргеніне 4 ай болды. Чемпионатқа бірінші рет қатысып тұрмыз. Осының алдында жай турнирге қатысқанбыз.

Бұл чемпионатқа кілең мықты шахматшы жасөспірімдер жиналды. Мысалы, 9 жасар Айшаны шахмат ойнауға әкесі үйретіпті. Нәтижесі  тамаша. Ол 2016 жылы Грузияның Батуми қаласында өткен әлем чемпионатында 8 жасқа дейінгі балалар арасында чемпионы атаныпты.

Айша Зәкірова, шахматтан әлем чемпионы:

- Шахмат логиканы дамытады. Шахмат ойнаған адамдар математикадан қиналмайды.

Еркін Дәулетұлы, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:

- Осындай дарынды жастар арасынан әлі талай чемпиондарды көреміз. Осындай жарыстарға қатысып, өздеріне сенімді болып өседі деп ойлаймын.

Кезекті ел біріншілігіне қатысушылар жастарына қарай 7 топқа бөлінген. Яғни 6-18 жас аралығы. Олар шахматтың классикалық, рапид және шапшаң түрлері бойынша өзара мықтыны анықтайды. Класикалық шахматтан ел біріншілігін жеңіп алған жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысса, күміс жүлдегерлер Азия біріншілігіне жолдама алады. Біріншілік 16 қаңтарда мәресіне жетеді. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы