389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам Джон Верамен жұдырықтасудан бас тартпаған

  • 588
  • UPD: 11:08, 06.01.2018
Қанат Ислам Джон Верамен жұдырықтасудан бас тартпаған

Отандық БАҚ беттерінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам америкалық Джон Верамен жекпе-жек өткізуден бас тартқаны жөнінде ақпарат шыққан болатын.

«QAZAQ-тың» командасы осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Қанат Ислам Верамен жұдырықтасудан бас тартқаны жөнінде ақпарат шыққанына таң қалдық. Қанат Ислам бұл жекпе-жекке дайындығын бастап кеткелі қашан. Біз тек келіссөз жұмыстары жүріп жатқанын ғана білеміз. Өзіміз көптен күткен «Әлем чемпионы» атағына жақындататын бұл жекпе-жектен қалай бас тартамыз? Қанат Ислам бұл жекпе-жектен бас тартқан жоқ. Бұл ақпарат қайдан шыққанын анықтаймыз. Естеріңізге сала кетейік, «QAZAQ» WBA-дің жаңартылған рейтингінде 1 орынды сақтап қалды», деп жазылған фейсбуктағы парақшада.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы