386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камила Керімбаева допинг қабылдағаны үшін 2 жылға жазаланды

  • 480
  • UPD: 13:44, 06.01.2018
Камила Керімбаева допинг қабылдағаны үшін 2 жылға жазаланды Sports.kz

22 жастағы қазақстандық теннисші Камила Керімбаева қанынан допинг табылғаны үшін екі жылға теннистен шеттетілді.

Керімбаеваның қанынан мельдоний ізі табылған. Қазақстандық теннисші енді 2017 жылдың 25 қыркүйегінен бастап екі жылға жазаланды. Бұған дейін мельдоний қолданған Арсан Арашов та екі жылға жазаланған еді.

Камила Керімбаева ҚР спорт шебері саналады. ITF сериясындағы турнирлерді 18 рет жеңіп алған. Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы