388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Америкада халықаралық «Дакар» ралли-марафоны жалғасып жатыр

  • 587
  • UPD: 01:15, 10.01.2018

Жарысқа қатысушылар 267 шақырымды артқа тастап, Перудің Писко қаласына жетті.

Алғашқы кезеңдердің қорытындысы бойынша қазақстандық команда мүшелері алдыңғы 15-тік қатарында келеді. Атап айтқанда, Артур Ардавичус бастаған жүк көлігінің экипажы жолдағы техникалық ақауларға қарамастан, 15 уақыт көрсеткішіне қол жеткізді. Ал Ивеконы тақымдаған «Астана» командасы турнир тізіміндегі жағдайын жақсартып алды. Сонымен қатар квадроцикл аталымы бойынша елімізден аттанған спортшылар мәреге 43 қырық үшінші болып шығып, жалпы есепте он үшінші уақытты көрсетті. «Дакар» ралли-марафоны қаңтардың жиырмасына дейін жалғасады және осы аралықта жарысқа қатысушылар Перу мен Боливия және Аргентина аумағы арқылы 9 мың шақырымды жүріп өтеді.

Хабар 24 телеарнасы