366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Үржар ауданында спорт кешені ашылды

  • 398
  • UPD: 15:36, 13.01.2018

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында спорт кешені ашылды. Шалғайдағы Науалы ауылының балалары енді дзюдо, еркін күрес, футбол спорт түрлерімен айналысу үшін қолайлы жағдай жан-жақты жасалып отыр. Бұрын бос тұрған нысанды ауылдан шыққан іскер азаматтар мен жанашыр тұрғындар «Туған жер» бағдарламасы бойынша бірлесе қалпына келтірген.

Ұзақ жылдар бос тұрған мына ғимарат қазір адам танымастай өзгерген. Күрделі жөндеу жұмыстарына 23 миллион теңге жұмсалыпты. Білекті азаматтар мен тұрғындар бірлесіп осындай игі шаруаға мұрындық болды. 35 жылға жуық ауыл балаларын жаттықтырып келе жатқан Дәулет Қазбек жаңа спорт кешені барлық талапқа сай екенін айтады.

Дәулет Қазбек, дзюдодан жоғары дәрежелі жаттықтырушы:

- Бұрын поштаның артында, АТС дейді, сол залда дайындағам. Одан да үлкен мықты балалар шыққан. Екінші Науалы орта мектебінде дайындалып жүр едік. Ең керегі балаларға тазалық қой, біріншіден. Дайындалғаннан кейін жуынады. 3 бөлме душевой кабиналар бар. Зал өте жақсы, жылы қыста, таза. Желдеткіштер бар. Жаттығу залы бар. Балаларға өте ыңғайлы, қолайлы.

Расында Науалы ауылынан шыққан атақты спортшылар көп. Еліміз ғана емес Азия мен Еуропа сайыстарында, тіпті әлем біріншіліктерінде топ жарған дарабоздар осы топырақта туып өскен. Алақандай ауылда 150-ден астам бала осында келіп жаттығады. Солардың бірі таяуда облыстық чемпионатта биік тұғырға көтерілген Ернар Әбдірашитов.

Ернар Әбдірашитов, оқушы:

- Біз соңғы рет жарысқа Жарбұлақ ауылына бардық. Мен онда 5 балуанмен күрестім. Басқа да көп жарыстарға бардық, Алматыға, Семейге. Ең бастысы, жеңіске жету үшін, жігер мен қайратың болу керек, намыс болу керек. Мен дзюдо күресін таңдағаным, Елдос Сметов, Айбек Нұғымаров сияқты әлем чемпионы болғым келеді.

Ұлан Сәрсенбаев, Науалы ауылдық округінің әкімі:

- Науалы ауылы үлкен ауыл болғандықтан, үлкен азаматтар, ағаларымыз бар. Қашандары жүректері Науалы деп соғып тұрады. /СКЛ/ Қол ұшын беруге қашанда дайын. /СКЛ/ Биылға да жоспарлап отырмыз. Балалар алаңы, Жеңіс саябағы, балабақша, көшелерімізге шағыл тастар төгу жоспарлап отырмыз. 

Былтыр Үржар ауданы бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында жалпы құны 140 миллион теңгеге жуық 95 жоба жүзеге асыпты. Биыл да кіндік қаны тамған топырақтарын түлетеміз деген азаматтар көп. Мұның бәрі береке мен бірліктің айқын көрінісі дейді жергілікті атқарушы билік өкілдері. 

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы