383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстан Топ Тим» джитсерлері Әбу-Дабиде өткен халықаралық турнирден жүлделі оралды

  • 416
  • UPD: 15:13, 17.01.2018
<span class=favorites>«Қазақстан Топ Тим» джитсерлері Әбу-Дабиде өткен халықаралық турнирден жүлделі оралды</span>

12-13 қаңтар аралығында Әбу-Дабиде қаласында өткен джиу-джитсудан Grand Slam World Tour халықаралық турнирі өтті.

17-ге жуық қазақстандық қатысса, олардың ішінде 12 спортшы – «Қазақстан Топ Тим» клубының спортшылары.

«Турнир керемет өтті, барлығы жақсы ұйымдастырылған, зал да әдемі. Бірақ, менің ойымша, төрешілік әділетсіз болды. Әсіресе олардың әділетсіздігі боз кілем қожайындары мен біздің спортшылардың белдесуі кезінде байқалды. Жалпы барлығы жақсы өтті», деп бөлісті джиу-джитсудан Grand Slam World Tourхалықаралық турнирінің күміс жүлдегері Османжан Қасымов.

Бразилиялық джиу-джитсу және грепплингтен қазақстандық Федерациясының атқарушы директоры Мигель Мамырбаевтың айтуынша, бұл турнир ауқымды әрі беделді спорттық шаралардың бірі болды.

«Қазақстан Топ Тим» клубының спортшылары ел қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жиынтығын салды. Жеңіс тұғырынан Айдар Түлейбаев (қоңыр белбеу), Ядгар Қасымов (қоңыр белбеу) және Мигель Мамырбаев (көк белбеу) көрінсе, Арлан Шабдарбаев (қызылкүрең белбеу), Ержан Естанов (көк белбеу), Мұхамедияр Құдайқұлов (қызғылт-сары белбеу) жәнеОсманжан Қасымов күміспен күптелді. Ал Төлеген Құмаров (қоңыр белбеу) пен Батыр Мұратұлы (ақ белбеу) қоланы қанағат тұтты.

 

Айта кетер жайт, Grand Slam халықаралық турнирінің келесі кезеңі наурыз айының 10-ы мен 11-і күндері Лондонда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы