386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джошуа мен Паркер бір-бірінің осал тұстарын атады

  • 550
  • UPD: 18:14, 17.01.2018

Британдық боксшы Энтони Джошуа мен Жаңа Зеландиялық Джозеф Паркер арасындағы жекпе-жек 31 наурызда Кардифф қаласында өтетіні белгілі. Аса ауыр салмақтағы чемпиондардың сайысында үш бірдей тұжырым бойынша алтын белбеу сарапқа салынады.

WBA, IBF және WBO белбеуінен бөлек боксшылар қомақты қаржыға да ие болады. Екі мықты кеше алғаш рет Лондонда бетпе-бет келіп, көзбен арбасты. Паркер Джошуаның иегі әйнек секілді деп мысқылдап, британдық жігіттің құлап қалмауын ескертті. Джошуа да қарап қалмады: «Кімнің құлайтынын шаршы алаң көрсетеді».         

Энтони Джошуа, WBA және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы:

- Біз жаттығуды бастадық. Паркер де дайындалып жатқанын айтады. Бірақ менің одан артықшылығым жаттығуды ойланып, ақылмен істеймін. Жекпе-жек кезінде күш-қуатым толысады. Паркердің чемпиондық белбеуі менікі болады. Оның осал тұсы маған белгілі.       

Джозеф Паркер, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы: 

- Мен Джошуаны баяғыдан бақылап жүрмін. Егер менің соққым оның иегіне дәл тисе құлайтынын да білемін. Ол күшті соққыларға шыдай алмайды. Сондықтан менен қашып құтылу оңай болмасы анық.

Хабар 24 телеарнасы