445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тау шаңғысына тегін үйрететін бағдарлама ашылды

  • 1041
  • UPD: 15:16, 18.01.2018
Алматыда тау шаңғысына тегін үйрететін бағдарлама ашылды

Алматы қалалық әкімшілігінің қолдауымен «Спорттық Алматы» бағдарламасы жүзеге асты.

Мақсат – бұқаралық спортты дамыту. Бағдарлама арқылы енді балалар тауда шаңғымен сырғанауды тегін үйренеді. Бұл үшін білікті бапкерлер күн сайын арнайы дәріс жүргізеді. Ұйымдастырушылар қатысушылардың тауға қатынау мәселесін де шешіп қойған. Балаларды арнайы көліктер күніне екі рет Шымбұлаққа апарып, әрі алып қайтады. Мұнда тіркелу де оңай. Баланың Туу туралы куәлігі мен ата-ананың жазбаша рұқсаты болуы керек. Сондай-ақ оған бас-көз болатын ересек адам еріп жүруі шарт. Тағы бір ақпар, Шымбұлақ пен «Звездная поляна» орталықтарында тегін үйрету курсы үш айға созылса, Пионер базасында 4 айға дейін жалғасады.

Айдос Бағашев, «Спорттық Алматы» бағдарламасының жетекшісі: 

- Бұл бағдарламаның басты мақсаты – бұқаралық спортты көтеру, қысқы спорт түрлерін дамыту, қаламызда керемет нәтиже көрсететін болашақ ұрпақты тәрбиелеу.

Хабар 24 телеарнасы