386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реалдың» жанкүйерлері Роналдудың командадан кеткенін қалайды

  • 497
  • UPD: 14:44, 19.01.2018
«Реалдың» жанкүйерлері Роналдудың командадан кеткенін қалайды Газета.ру

Мадридртік As басылымының оқырмандары Криштиану Роналдудың «Реалдан» кеткенін қалайды.

Сауалнамаға қатысқан 125 мың адамның 67,5% португалдық футболшының командадан кетуін қоштаған.

Роналду мансабында «Алтын допты» бес мәрте жеңіп алған. «Реалдың» тарихындағы ең үздік сұрмергені. Мадридтік ұжымның сапында өткізген 418 ойында 422 мәрте көзге түскен.

Осыған дейін «Реал» клубының президенті Флорентино Перес команданың соңғы жеңілісінен кейін ойыншыларға деген өтпесі қара қазандай екені белгілі болған. Тіпті өзінің айналасындағыларға алдағы жазда командадан тоғыз бірдей ойыншыны қуып жіберетінін хабарлаған. Перестің «қара тізіміне» енгендердің көшін Криштиану Роналду бастап тұр. Перес Роналдудың үнемі айлығын көтер деген талабынан шаршағанға ұқсайды.  Бэйл мен Бензема да президенттің көңілінен шықпағандар қатарында. Бұл үштіктен өзге тізімде Начо, Марсело, Навас, Хакими, Модрич және Варан бар көрінеді. 

Хабар 24 телеарнасы