387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда тоғызқұмалақтан облыстың ашық кубогы өтіп жатыр

  • 436
  • UPD: 17:59, 20.01.2018

Оған өңірдің барлық аудандарынан 70-ке тарта спортшы келген.

Сайыс ұлттық ойынды насихаттап, өскелең ұрпақты интеллектуалды ойынға баулу мақсатында ұйымдастырылған.

Жалпы соңғы жылдары өңірде спорттың дәл осы түріне жастардың қызығушылығы артқан. Бұл жолғы сайысқа 8 команда қатысып жатыр. Турнир үш күнге жалғасады.

Айжан Иманәлиева, тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы:

– Бұл ойынды ойнаған бала математикалық есептерді логикалық есептерді өте жақсы шығарады. Балалардың ойыны өте тартысты өтіп жатыр. Балалар жақсы дайындалып келген жарысқа. Бұл жарыстан өткендер 5-12 ақпан күндері Алматы қаласында Қазақстанның ашық кубогына барады.

Хабар 24 телеарнасы