387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық дзюдошылар Гран При кезеңінде көш бастап тұр

  • 397
  • UPD: 18:11, 22.01.2018
Қазақстандық дзюдошылар Гран При кезеңінде көш бастап тұр

Қазақстандық дзюдошылар әлемдік Гран-при сериясын табысты бастады.

Кеше Тунисте аяқталған татами бәсекесінде біздің балуандар екі алтын, үш қола жүлде ұтып алды. 90 келідегі Ислам Бозбаев пен 70 келі салмақтағы Жансай Смағұлов Гран-при кезеңінің жеңімпазы атанса, Ғұсман Қырғызбаев пен Ерлан Серікжанов және Виктор Демьяненко қола медальға қол созды. Жүлде саны жөнінен жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға көтерілді. Гран-при сериясының келесі кезеңі 10-11 ақпанда Париж қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы