384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада алғаш рет велотректен әуесқойлар арасында чемпионат өтті

  • 475
  • UPD: 17:58, 22.01.2018
Астанада алғаш рет велотректен әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Қарапайым мұғалім, саудагер, есепші, тіпті зейнеткерлерге дейін велоспорттың осы түрі бойынша өзара мықтыны анықтады.

Осылайша еліміздегі бұқаралық спорттың жаңа бағыты пайда болды.

Негізі тректегі бәсеке тасжолдағымен салыстырғанда аса қиын саналады. Соған қарамастан өткен жылы республикалық велотрек жанынан арнайы секция ашылып, кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқойларды да үйрете бастаған еді. Міне соның нәтижесінде чемпионатқа 60-қа жуық адам қатысып отыр.

Бауыржан Мұқашев, велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының директоры:

- Спорт және дене шынықтыру комитеті, велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығы тек кәсіпқой спортшыларды емес, әуесқой спортшыларды дайындау мақсат қойып отыр. Бұқаралы спорт өсу үшін, әуесқой спортта жарыстар өткізу керек. Ол жарыстар елдерге шақыру сияқты болады.

Әуесқой велотрекшілер 5  жас айырмашылығы бойынша жарыс жолына шықты. Оның ішінде спорт ардагерлері мен зейнеткерлер сынға түскен топ та бар. Айтуларынша, тректегі жаттығу артық салмақтан арылуға және барлық бұлшық етті шынықтыруға көмектеседі. Бұған қоса күнделікті уайымнан уақытша арылып, ойды сергітуге ықпал етеді.

Айдар Мүкей, жарысқа қатысушы:

- Өте көп. Директор, кәдімгі дәнекерлеуші, менеджер, есепшілер де бар. Адамдар әр саладан. Кәсіпқой спортшылар күндіз дайындалады. Ал біз кешке жаттығамыз.

Екі күнге созылған жарыста топ жарғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл тұрғыда жеке демеушілердің қолдауы қуантты. Ал ұйымдастырушылар болса осымен тоқтамай, жарысты жыл сайын дәстүрлі өткізуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Аслан Қаженов, Өмірбек Ізімов, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы