367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» мәскеулік «Спартакты» тізе бүктірді

  • 412
«Астана» мәскеулік «Спартакты» тізе бүктірді kaz.vesti.kz

Елордалық «Астана» клубы БАӘ-де өткен жолдастық кездесуде мәскеулік «Спартак» клубынан үстем түсті.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлайды.

Ойын бүгін, 22 қаңтар күні өтіп, 3:2 есебімен елордалық клубтың пайдасына аяқталды.

Кездесудің басында «Астана» шабуылшысы Патрик Твумаси жарақат алып, алаңнан кетті. Дегенмен де бұл «Астана» үшін кері әсер еткен жоқ. Кездесудің 19-минутында елордалық клубтың сербиялық легионері Марко Станоевич есепті ашты. «Астана» ойыншылары 33-минутта есепті еселеді. Бұл жолы көзге Твумасидің орнына алаңға шыққан Марин Томасов соқты.

Кездесудің 75-минутында «Астана» шабуылшысы Джордже Деспотович есепті 3:0-ге дейін жеткізді. Ал 80-минутта «Спартак» Квинси Промоес соққан пенальтидің арқасында есепті қысқартса, 89-минутта мәскеулік клубтың бразилиялық шабуылшысы Педро Роша екінші голды соқты. Осылайша ойын да аяқталды.

«Астана» клубы келесі кездесуін 26 қаңтар күні өткізеді. Қарсылас ресейлік «Краснодар» клубы болады.

Осы категория бойынша: « Австралияда велоспорттан «Тур Даун Андер» көпкүндігі аяқталды Алматыда баскетболдан Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы