389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей билігі спортшыларының Ақ Олимпиададан шеттетілуіне наразылық танытты

  • 487
  • UPD: 19:49, 25.01.2018

ХОК Ресей спортшыларын әлі күнге дейін бірінен соң бірін Олимпиада ойындарынан шеттетіп жатыр. Осыған қатысты көрші ел билігі өз наразылығын білдірді.

Әсіресе мемлекеттік Дума комитеті төрайымының орынбасары Ирина Роднина халықаралық ұйымның шешімі ойға қонымсыз дейді. Өйткені қысқы ойындардан шеттетілген соңғы спортшылар допинг дауына іліккен жоқ. Яғни, еш себепсіз олимпиадаға қатыспайтын болып отыр. Оның басым бөлігі әлемдік рейтінгтің көш басында тұрғандар. Сәйкесінше, медальға негізгі үміттілер де осылар. Оның ішінде биатлоншы Антон Шипулин, шаңғышы Сергей Устюгов және шорт-трек шебері Виктор Ан бар. Ал ХОК болса Олимпиададан шеттетілген 111 ресейлік спортшы мәскеулік допингке қарсы зертхананың арнайы тізімінде бар деген аргументті алға тартады. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр.

Ирина Роднина, РФ Мемлекеттік Дума комитеті төрайымының орынбасары: 

- ХОК біздің спортшылардың Олимпиада ойындарына қатыстырмау үшін әртүрлі әрекетті қолға алды. Соның салдарынан ресейлік құрамадағы мықтылардың бәрі шеттетіліп жатыр. Осыған жауап ретінде спортшыларымыз жеңіс тұғырынан түспеу керек. Яғни жерлесіміздің әрбір медалі олар үшін үлкен соққы болады.

Хабар 24 телеарнасы