386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реал» Зиданды алмастыратын бапкерді анықтады

  • 496
  • UPD: 12:42, 27.01.2018
«Реал» Зиданды алмастыратын бапкерді анықтады GoodFon

Мадридтік «Реалдың» басшылығы клубтың бас бапкері қызметіне «Тоттенхэмді» жаттықтыратын Маурисио Почеттиноны алмақ.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Почеттиноның лондондық клубпен келісімшарты 2021 жылға дейін жасалған және мұнда еңбек келісімін бұзу туралы опция жоқ. Сондықтан бапкер «Реалға» кеткісі келсе, «Тоттенхэм» басшылығының рұқсатын алу керек.

Бірақ лондондық клуб өз бапкерінен айырылғысы келмейді. Себебі команданың жетекші ойыншыларын Гарри Кейн, Деле Алли және Уго Льористі сақтап қалу Почеттиноның клубта қалуына байланысты.

Сондай-ақ «Реалдың» қазіргі бас бапкері Зинедин Зиданға қысым қатты жасалып жатыр. Себебі оның командасы жақында Испания кубогынан ұшып, Ла Лигада үздік үштікке кіре алмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы