382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан каратэшілері әлем чемпионатынан рекордтық медаль көрсеткішімен оралды

  • 824
Қазақстан каратэшілері әлем чемпионатынан рекордтық медаль көрсеткішімен оралды

Ұлттық құрама қоржынында 17 жүлде бар және оның 12-сі алтын.

Мұндай жетістік ел тарихында бұрын-соңды болған жоқ. Биылғы дүниежүзілік дода Украинаның Одесса қаласында өткен еді. Онда отандық киокушин шеберлері жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында сынға түсіп, барлық салмақ дәрежесінде шеберліктерін көрсетті. Тіпті әлем чемпионатының финалына 2 қазақ жігіті шыққан сәт те болды.

Осындай үлкен жеңіске жеткен жерлестеріміз бүгін Астанада тілшілермен және жанкүйерлерімен кездесті. Салтанатты шарада Ұлттық құраманы әлем чемпионатына бастап барған бапкерге федерацияның арнайы төсбелгісі табысталды.

Омархан Өксікбаев, ҚР Ұлттық киокушинкай-кан федерациясының президенті:

- Қазақстанымыздың туы осы жарыста 12 рет жоғары көтеріліп, біздің елдің әнұраны ойнады. Жарысқа 21 елден 250-ге жуық спортшы қатысқан. Спортшыларымыз бапкерлерінің тактикалық-стратегиялық алға қойған тапсырмаларын орындап, жеңіс тұғырының биік шыңына шықты.

Хабар 24 телеарнасы