389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қысқы Олимпиада: Фристайл шеберлері жүлдеден үмітті

  • 995
  • UPD: 12:08, 08.02.2018
Қысқы Олимпиада: Фристайл шеберлері жүлдеден үмітті

Тоғыз күннен кейін 23-ші Қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады.

Оңтүстік Кореядағы кешенді сынға қазақ елінің атынан 57 спортшы барады. Қазақстан құрамасы Пхенчхандағы ойындарда спорттың тоғыз түрінен жарысқа қатысады. Ел үмітін арқалағандар қатарында фристайл шеберлері бар. 

Қысқы Олимпиада ойындарында фристайлшы қыз-жігіттердің жолына үмітпен қараймыз. Могул бағдарламасында Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова жарыс жолына шығады. Мамандар үшінші олимпиадасына бара жатқан Галышевадан жүлде күтеді. Тәжірибелі спортшы Ванкувер олимпиадасында 11-ші орыннан көрінсе, төрт жылдан кейін Сочиде жетінші орынға табан тіреген еді.

Юлия Галышева, Фристайлдан ұлттық құрама мүшесі:

Сочиде өзіме сенімді едім. Жүлделі орыннан дәмелі болдым. Қазір қандай нәтижеге қол жеткізетінімді айта алмаймын. Жарыс кезінде қателіктер болып жатса да, өзіңе деген сенімді жоғалтпау керек. Сонда ғана нәтиже болады. 

Сочиден кейін келесі олимпиадаға дайындықты бастаған мамандар жаттығудың жаңа әдістемесін жасады. Ұлттық құрама 2015 жылдан бері осы әдіс-тәсілмен жұмыс істеп келеді. Қазір Юлия әлемдегі үздік ондықтың қатарына кіреді. 

Елена Круглыхина, ҚР Ұлттық құрамасының жаттықтырушысы:

– Біз кәсіби спортшылардың дайындығына Йозеф Пилатестің әдістемесін енгіздік. Қазір оның жаттығу жүйесі спортшылар арасында кең тараған. Бұл әдістеме кәсіби спорттағы тамаша құрал. Оны барлығы пайдаланып жатыр. 

Қысқы Олимпиада ойындарында фристайлдың могулынан жарыстар тоғызыншы ақпанда басталады. Сайыстар таулы Феникс парк демалыс аймағында өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы