384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис Кубогы: Жерлестеріміз швейцариялық құрамамен кездеседі

  • 597
  • UPD: 18:24, 01.02.2018

Теннис жанкүйерлері асыға күтіп жүрген Дэвис Кубогы ертең басталады.

Байрақты бәсекені қабылдайтын әлемнің ірі 8 қаласының арасында Астана да бар. Жерлестеріміз бұл жолы швейцариялық құрамамен кездеседі. Осыған орай бүгін жеребе тарту рәсімі өтіп, негізгі қарсыластар анықталды. Яғни ең алғашқы болып жарыс алаңына қазақстандық Дмитрий Попко мен швейцариялық Генри Лааксонен шығады. Соңғысының өз құрамасындағы нөмірі бірінші теннисші екенін айта кеткен жөн. Ал біздің нөмірі бірінші спортшымыз Михаил Кукушкин қарсыластар сапындағы Адриан Бодмермен жолығады. Ал сенбі күні жұптық бәсекелер өтеді. Ол жерде Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин жұбы Андреа Хуслера және Лука Маргароли жұбымен кзедседі.

Диас Досқараев, ұлттық құраманың капитаны: 

Өте қиын ойын болады деп ойлаймын. Себебі бұл әлем тобы. Әлем тобында оңай қарсыластар жоқ. Өздеріңіз білесіздер, ойыншылар өз отанынан. Намысын бермей, бар күштерін салады. Сондықтан біздің команда дайын деп ойлаймын. Біздің команда өте жақсы дайындық өткізді. Сондықтан тек қана ұтуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы