384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис кубогы: Қазақстан мен Швейцария арасында бірінші ойын біздің пайдамызға аяқталды

  • 781
  • UPD: 16:50, 02.02.2018
Дэвис кубогы: Қазақстан мен Швейцария арасында бірінші ойын біздің пайдамызға аяқталды vesti.kz

21 жастағы қазақстандық теннисші Дэвис кубогының 1/8 финалында швейцариялық Генри Лааксоненді жеңіп, Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Астанада өткен кездесу 6:2, 7:6, 3:6, 7:5. есебімен аяқталды. Ойын үш сағат үш минутқа жалғасты. Бүгінгі ойын күнінің екінші кездесуінде қазақстандық Михаил Кукушкин мен швейцариялық Адриан Бодмер кездеседі.

Сенбі, 3 қаңтар күні жұптық ойында отандастарымыз Александр Недовесов пен  Тимур Хабибулллин швейцариялық Марк-Андреа Хуслер мен Лука Маргаролимен кездессе, Кукушкин-Лааксонен, Попко-Бодмер арасындағы ойын өтеді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы