385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәстүрлі спартакиадаға қатысқан спорт ардагерлері жеңістерін олимпиадашыларға арнады

  • 492
  • UPD: 14:13, 03.02.2018

Оралдық спорт ардагерлері Қазақстанның олимпиадалық құрамасына қолдау білдірді.

Жыл сайынғы дәстүрлі спартакиадаға жиналғандар өз жеңістерін Пхёнчхан қаласында өтетін Олимпиадаға қатысушыларға арнады. Ардагерлер алғашқы кезеңде шаңғы тебуден жарысса, алда тағы спорттың 11 түрінен сынға түспек. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, спартакиадаға 200-дей адам қатысады. Ең үлкені сексеннің сеңгіріне шыққан. Саламатты өмір салтын берік ұстанған олардың бұл әрекеті өскелең ұрпаққа өнеге.

Бақытжан Ақжанов, қала тұрғыны:

Денсаулыққа өте пайда ғой, таза ауада 3-4 шақырым жүгіріп келсең қандай. Таза ауаны жұтып, орман арасында жүрген күшті адам баласына әсер береді ғой. Мен жастарға үлгі болып, Қазақстанда бәрінің денсаулықтары мықты болсын деп, өзім үлесімді қосамын деп ойлаймын.

Азамат Нұрмұхамбетов, Орал қалалық спорт бөлімінің басшысы: 

– Аталған жарыстар шаңғы, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, суға жүзу, пневматикалық мылтықтан ату, дартс секілді спорт түрлерінен жыл бойы жүреді. Дәстүр бойынша қорытындысы ҚР Тәуелсіздік күніне орай шығады.

Хабар 24 телеарнасы