385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық спортшылар Олимпиада қалашығына орналасты

  • 807
  • UPD: 16:12, 13.02.2018
Қазақстандық спортшылар Олимпиада қалашығына орналасты Prosports.kz

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бес күн қалды.

Қазақстандық сайыпқырандар Оңтүстік Кореяға алғашқылардың қатарында жетті. Қазір спортшылар Канын және Пхёнчхан қалаларындағы олимпиада қалашығына орналасып жатыр. Ұйымдастыру комитеті екі қалада да спортшылар қалашығын ашқан. Біздің биатлоншылар таулы аймаққа қоныстанды.

Қазақстандық олимпиадашылар алдыңғылардың бірі болып спортшылар қалашығына орналасты. Солардың қатарында биатлоншылар да бар. Валерий Польховский шәкірттері Альпенсиядағы шаңғы жолын байқап көрді. Желдің жылдамдығы қардың тығыздығы жарыс кезінде өз əсерін тигізетіні анық қой. Төселу үшін де бапкерлер ерте келуді жөн санады. Кезекті жаттығуды біздің əріптестер де тамашалап, спортшылардың бабы туралы мәліметке қанықты.

Василий Подкорытов, биатлоншы:

- Психологиялық тұрғыдан дайынбыз. Біз қатысатын барлық жарыстар кешкі 20:00:21:00-дің кезінде өтеді. Бұл тиімді болып тұр. Түске дейін ұйқымызды қандырып, сайысқа тыныққан күйде шығамыз.

Роман Ереминнің құлшынысы жақсы. Тыныс жолын сақтаудың амалы болар. Қорғанудың амалын тауыпты. Василий Подкорытов айтады. Өрі көп екен. Біздің солдат сайға келетін тұсы да бар. Былтыр жүріп көрдік. Тіпті эстафетада ондыққа іліндік. Таныс жол. Енді тынысымыз ашылса екен деп.

Василий Подкорытов, биатлоншы:

- Былтыр біз мұнда Олимпиада апталығында өнер көрсеткенбіз. Трасса ұнады. Себебі өрлері көп. Оған әбден үйреніп қалғанбыз. 

Бəрі дін аман. Тек Тимур Хамитгатин сол суықтап қалыпты. Тау етегі емес пе. Қар аз болса да қара суық сары аяздан кем емес. Желдің өті екенін де еске салайық.  

Авторы: Амангелді Сейітхан

Хабар 24 телеарнасы