389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда халқы спортшы Э.Тұрсынбаеваға Олимпиадада жеңіс тіледі

  • 754
  • UPD: 12:04, 08.02.2018

Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын Элизабет Тұрсынбаеваны қолдау шарасы оның туған жері Сыр өңірінде өтті.

Ол осылайша қыздар арасында жекелей сырғанау бойынша ел тарихында алғаш рет екі жолдаманы жеңіп алған спортшы қыз атанды. Элизабеттің жетістігі аймақта қысқы спорт түрлерінің дамуына түрткі болды. Бүгінде жергілікті  шайбалы хоккей командасы ел чемпионатында үздік үштікке еніп, керемет ойын үлгісін көрсетіп жүр. Олар да Элизабет Тұрсынбаеваның жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімді.  

Тимур Тұрсынбаев, Элизабет Тұрсынбаеваның ағасы:

- Туған жері, жұрты ыстық ықылас, керемет қолдау білдіргені көңілге мақтаныш, тебіреніс ұялатады. Элизабет Олимпиадада 21-23 ақпан күндері өнер көрсетеді. Сыр елінің жалынды сәлемін, тілегін әлбетте оған жеткіземін. Отанға жеңіспен ораламыз деген сенім мол.

Хабар 24 телеарнасы