388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның конькишілері Каннындағы мұздың сапасын сынап көрді

  • 1269
  • UPD: 12:04, 08.02.2018
Қазақстанның конькишілері Каннындағы мұздың сапасын сынап көрді Фото: Р-Спорт

Бүгінде бүкіл әлемнің назары ауған Оңтүстік Кореяның Каннын қаласына кеше Қазақстанның конькишілері келіп жетті.

XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылар бүгін жаһандық жарыста өздері өнер көрсететін мұз айдынның сапасын сынап көрді.

Кеше Каннын қаласына Қазақстанның конькишілері келді. XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылар бүгін мұздың сапасын сынап көрді.

Мұздың мұздан жорғасы бола ма? Болғанда қандай. Мысалы, Сочи айдынына мамандар мін таға алмай кетті. Астындағы алауды да мақтайтындар бар. Ал Пхенчханға келгендер не дейді. Мысалы, Беларусь коньки спортындағы Ксения Садовская «мұз сəл жұмсақ еді, бүгін біршама жақсарды» дегенді айтты. Кезінде Семейде туған, кейін Еуропаны аралаған бұл күнде Бүкілəлемдік коньки одағының техникалық директоры Герман Панов мұзда мін болғанмен сын көтереді дейді.

Герман Панов, Бүкіләлемдік коньки одағының техникалық директоры:

Иә, бәрін тексердік, көрдік. Сапасы сын көтереді. Спортшылар жұмсақ әрі жылы деді. Дегенмен біздің мұз құюшылар кәсіби мамандар жарыс жақындағанда бәрін қалпына келтіреді деп ойлаймын.

Қазақстан құрама командасы да бүгін түсте мұзға шығуға мүмкіндік алды. Əлгі Ксения 500 метрде Екатерина Айдоваға қарсылас атанып жүреді. Біздің Катя бүгін мұзды жатырқаған жоқ. Өзге де командалас достарымен əбден дайындалды. Кеңесші бапкер саналатын Вадим Саютиннің жеке бақылауында болды. Тек Айдованы ғана емес, өзгелерін де назарда ұстады. Роман Креч арқасын ауыртып алыпты. Бірақ жарысқа шығады. Қалғандары сынға сақадай сай.

Вадим Саютин, Қазақстан құрама командасының кеңесші бапкер:

Кеше ғана келдік. Мұзды екінші күн тексеріп жатырмыз. Тегіс әрі жылдам екен. Олемпиада ойындары болғаннан соң бұл жағы да балаларға әсер етеді ғой. Бірақ кім өзін дұрыс ұстай алады, дұрыс баптай алады соның жұлдызы жанады.

Тек қазақ елінің спортшылары емес, айдында Канада мен Германияның өкілдері жүрді. Өздеріне белгілі кестеге сай жаттықты. Жарыс қыр астында. 

Авторы: Амангелді Сейітхан

Хабар 24 телеарнасы