386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UFC чемпионы маңызды жекпе-жегі үшін аяғын кесіп тастауға дайын болған

  • 522
  • UPD: 14:50, 05.02.2018
UFC чемпионы маңызды жекпе-жегі үшін аяғын кесіп тастауға дайын болған vesti.kz

Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы Макс Холлоуэй Фрэнки Эдгармен болатын кездесудің өтпей қалғанына ашулы екенін айтты.

«Мен дәрігерден бұл кездесуге қатысу үшін аяғымды кесіп тастап, жекпе-жекті бір аяқпен өткізуді сұрадым. Бірақ дәрігер жағдайдың қиын екенін айтты. Әрине жекпе-жектің өтпей қалуы жанкүйерлер үшін де жақсы жаңалық емес. Бірақ біз кездесуді басқа уақытта да ұйымдастыра аламыз», деп жазды Холлоуэй твиттер парақшасында.

Холлоуэй мен Эдгар арасындағы чемпиондық жекпе-жек 3 наурыз күні UFC 222 турнирінде өтуі керек еді. Бірақ америкалық спортшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Ақпарат көзі: vesti.kz 

Хабар 24 телеарнасы