Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы Пхёнчхандағы Олимпиада қалашығына орналасты

  • 410
  • UPD: 12:00, 08.02.2018
Қазақстан құрамасы Пхёнчхандағы Олимпиада қалашығына орналасты Olympoteka

Қазақстан құрамасының басым бөлігі Пхенчхандағы олимпиадалық қалашыққа келіп орналасты.

Енді 10 ақпанда мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Олимпиада астанасына аяқ басады. Бүгін Кореяның басты әуежайы - Инчхонға шаңғыдан Қазақстан құрамасының спортшылары жетті. Олармен бірге «Хабар» арнасының тілшілер тобы да келді. Кешенді сында біздің арнаның екі түсірілім тобы жұмыс кірісіп, сайыстардан хабар таратады.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының 46 спортшысы спорттың 9 түрінен жарысқа қатысады.     

Қанат Базылхан, «Хабар» арнасының спорт шолушысы:  

- Мен Рио Олимпиадасына барғанмын. Бұл менің жалпы айтқанда екінші Олимпиадам, осындай үлкен жарыстарда жұмыс екінші рет жұмыс атқаруым. Аздаған тәжірибем бар деген секілді. Сондықтан біз барынша спортшылардың жарыстар кейінгі эмоциясын жеткізіп, жарыс жайлы, жарысқа дайындығы жайлы, жалпы Олимпиада жайлы жан-жақты қызықты мәліметтер, сюжеттер жасаймыз деген ойдамын. Сонымен қатар осы Олимпиада қорытындысы жайлы арнайы репортажды дайындау жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы