388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ Олимпиадада көк байрақты ұстап шығатын А.Әжғалиевтың дайындығы қалай?

  • 577
  • UPD: 11:16, 06.02.2018

Қазақ елінің шорт-трекшілері Олимпиада ойындарында жекелей және эстафеталық жарыста өнер көрсетеді.

Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын спортшылар арасында ойындардың салтанатты ашылуында ел туын ұстап шығатын Абзал Әжғалиев та бар. Шорт-трек шеберлерімен тілшілеріміз кездескен еді. Ел намысын қорғайтын ерлермен өрбіген сол әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.

Амангелді Сейітхан, тілші:

– Олимпиада қарсаңында спортшының бөлмесіне жүрегінің түгі барлар ғана кіреді. Түк болғанда ол түк спортшыда болуы керек. Себебі өзіне сенімді спортшы ғана тілшіні бөлмесіне кіргізеді. Өзіне сенімді спортшы ғана әңгімеден қашпайды. Өйткені оның ілген білімі әжептәуір биік. Міне біз қазақтың көк туын стадионға алып кіретін Абзал Әжғалиевтің өзіне келіп отырмыз.

Қалайсыздар, жігіттер, дайындықтарыңыз қалай? Қалай болып жатырсыздар?

Абзал Әжғалиев, шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі:

– Жаттығуымызды жайлап бастаймыз. Осындағы мұз айдыны бізге ұнайды деп сенімдемін. Өйткені бұл Кореяда елінде өтіп жатыр. Шорт-трек Қазақстаннан гөрі осы елде жақсы дамыған. Естуімше, басқа спорт түрлеріне қарағанда шорт-трек ең қымбат ойын екен.

Амангелді Сейітхан, тілші:

– Шорт-трек былай қарасаң, бір ойдың спорты сияқты, иә? Арғы жағында үлкен философия жатқан сияқты ма қалай?

Абзал Әжғалиев, шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі:

– Иә, шорт-тректе тек қана күш емес, логика мен философияда бар. Жарыс алдында арнайы тактика қойылады. Қалай озу керек, күшті қалай сақтап, соңғы метрлерге қалай жеткізу керектігін ойлау керек.

Амангелді Сейітхан, тілші:

– Бәрекелді Абзал! Біздің құрама команда осының алдында Жапонияда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Енді Азаматпен әңгімелессек, Азамат, ол жаққа барудың себебі неде?

Азамат Сұлтанәлиев, шорт-тректен жаттықтырушы:

– Ең бірінші балалар уақытқа үйрену үшін біз алдын ала Жапония еліне келіп, 9 күн дайындалдық. Оқу-жаттығу жиыны жақсы өтті. Біріншіден біз енді Голландия елімен бұрыннан бері жаттығу жасаймыз. Бізді қарсы алған Жапония елімен де жаттығып, жақсы тәжірибе алды балалар.

Амангелді Сейітхан, тілші:

– Эстафета жеребесі түсті ме?

Азамат Сұлтанәлиев, шорт-тректен жаттықтырушы:

– Иә, эстафета жеребесі тартылды. Біздің топта Канада, Қытай, Голландия және Қазақстан. Енді Голландия мен Қытай – әлемдегі мықты командалар. Біздер, қазақтар да жаман емеспіз.

Амангелді Сейітхан, тілші:

– Сол эстафетеда қалай өзі, кім қашан жүгіретінін біреу белгілей ме?

Абзал Әжғалиев, Шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі:

– Әрине, ақылдасамыз бапкерімізбен бірге. Жеке дарадан кейін эфтафета жарысы болады. Сол кезде бапкеріміз кім өзін жақсы сезініп тұр деп сұрайды. Өйткені ең соңғы мәртеде екі айналым болады. Сол айналымдарды командағы ең үздік спортшылар аяқтауы тиіс.

Амангелді Сейітхан, тілші:

– Абзалдың өзі секілді әңгемесі де әдемі екен. Өзі осында, конькиі де бір жерде болуы керек қой. Сол конькиді іздейік. Асланжан, Абзалдың конькиін іздеп келдік. Коньки қайралуы керек.

Аслан Дауымов, шорт-тректен жаттықтырушы:

– Конькиді тек ұштап қана қоймайды, оның йінін, бетінің сопақтығын қарау керек. Бұл өте маңызды. Себебі шорт-тректегі бұрылыс кезінде аяққа да, мұзға да қатты күш түседі. Өзінің нөмірі болады, соған байланысты біз тексеріп майыстырамыз, қайраймыз.

Амангелді Сейітхан, тілші: 

– Алла қаласа, біздің жігіттер ақ Олимпиадада намысты қолдан бермейді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы