Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхенчхандағы Олимпиада қалашығында Қазақстанның туы көтерілді

  • 2286
  • UPD: 11:50, 08.02.2018
Пхенчхандағы Олимпиада қалашығында Қазақстанның туы көтерілді

Қазақстан XXIII қысқы Олимпиада ойынында! Астана уақыты бойынша 11-де Пхенчхандағы олимпиадалық қалашықта rөк ту ресми көтерілді, әнұран ойналып, бір топ елмен бірге біздің де спортшылар салтанатты шарада сап түзеді.

Жалпы Олимпиада ойындарына қатысушы елдер саны 90-нан асады. Тұңғыш рет қатысып отырған мемлекеттер саны он. Төртеуі Латын Америкасынан. Өзгелері Африка құрлығынан келіп отыр. Қазақстан Республикасының ту көтеру салтанатына Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков, бапкерлер мен спортшылар және ресми делегация өкілдері де қатысты. 

Айта кетейік, жалпы біздің елден 46 спортшы қысқы Олимпиада ойындарында сынға түседі. Жолдама саны - 57.

Аяулым Әмренова, фристайл могулшы:

- Мен өте қуаныштымын. Өйткені бұл менің алғашқы Олимпиадам. Сондай өте қатты қобалжудамын. Бірақ Қазақстанның осындай деңгейге жетіп, туымыз көтерілгеніне қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы