387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Euro-2018: Қазақстан Испаниямен финалдың жолдамасына таласады

  • 548
  • UPD: 11:15, 08.02.2018
Euro-2018: Қазақстан Испаниямен финалдың жолдамасына таласады

Бүгін отандық футзал шеберлері үшін өте маңызды күн.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалында Испания аяқдоапшыларымен кездеседі. Егер Какау баптайтын жігіттер жеңіске жететін болса, тарихта тұңғыш рет құрлықтық доданың финалына жолдама аламыз. Сондықтан Астана уақытымен түнгі 01:55-те «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетілетін матчты жіберіп алмаңыздар. 

Айта кетейік, Ұлттық құрама осының алдындағы, яғни 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлдегер атанды. Жартылай финалда дәл осы Испания құрамасымен кездесіп, 2:5 есебімен жеңілген болатын. Соның арқасында Испания Еуропаның 7 дүркін чемпионы атанды.

Хабар 24 телеарнасы