386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фристайлшы А.Әміренова финалдық кезеңге өте алмады

  • 485
  • UPD: 18:27, 11.02.2018
Фристайлшы А.Әміренова финалдық кезеңге өте алмады noware media

Қазақстандық фристайлшы Аяулым Әміренова Олимпиада ойындарындағы могул сайысының екінші іріктеу кезеңінде бақ сынады.

16 жастағы спортшы алғашқы іріктеу кезеңінде 52.78 ұпай жинап (26 орын), финалға жолдама ала алмаған болатын.

Өкініштісі, бүгінгі екінші іріктеу сайысында да сәл жолы болмады. Жарыс барысында жіберген кішігірім қателігі Аяулымды ақтық кезеңнен алыстатып жіберді. (38.68 ұпай)

Осылайша, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша біздің фристайлшы 52.78 ұпаймен 17-орынға табан тіреді.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы