389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ Олимпиада: биатлоншылардан Еремин жақсы нәтиже көрсетті

  • 598
  • UPD: 22:13, 11.02.2018
Ақ Олимпиада: биатлоншылардан Еремин жақсы нәтиже көрсетті blogspot.com

Қысқы Олимиаданың екінші жарыс күні биатлоншы жігіттер жарыс жолына шығып, алғашқы медальдарды сарапқа салды.

10 шақырымдық спринтерлік сайыста Қазақстанның төрт спортшысы бәсекеге араласты. Максим Браун, Роман Еремин, Владислав Витенько және Василий Подкорытов корей еліндегі кешенді сында жүлдеге жақындай алған жоқ. Біздің жігіттердің атқан оғы далаға кетті. Тек Роман Еремин тәуір нәтиже көрсетіп, 12 ақпандағы пасют жарысына қатысуға мүмкіндік алды. Ол спринтерлік сайыста 43-орынға тұрақтады. Бұл сында неміс Арнд Пайфер Олимпиада чемпионы атанды. Күміс чехиялық биатлоншыға бұйырса, қола жүлде итальян спортшысының еншісінде. Қазақстандық Владислав Витенько мен Василий Подкорытов тиісінше 79-80 орындарға жайғасты. Ал Максим Браун жарыс жолына шыққан 87 спортшының арасында 85-ші болып сайысты аяқтады.

Роман Еремин, биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Күн өте суық. Нысана көздеуде үлкен жарыстардағы үздік нәтижемді көрсеттім. Сондықтан өзіме ризамын. Тұрып және жатып атуда тек бір реттен қиыс кеттім. Бүгінгі жарыста соңына дейін жүгіріп өткеніме қуаныштымын.

Василий Подкорытов, биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Күннің қатты суық екенін айту керек. Нысана көздеуде мүлт кетпеуге тырыстым. Ал шаңғымен жүгіруде жолым болмады. Күш- қуатым жетпей шаршап қалдым. Шаңғы жақсы жүрді, өзім кінәлімін. Жаттықтырушылармен қателіктерді талқылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы