378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


12 ақпанда Пхенчхан Олимпиадасында қазақстандық спортшылардан кім өнер көрсетеді?

  • 660
  • UPD: 00:17, 12.02.2018
12 ақпанда Пхенчхан Олимпиадасында қазақстандық спортшылардан кім өнер көрсетеді?

12 ақпанда Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесіне тоқталайық.

Қос фристайлшымыз Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков жекелей могулда өнер көрсетеді. Жанкүйерлер бұл жарыста Қазақстанның қоржыны тағы бір медальмен толығады деп күтуде.

Конькимен жүгіруші Екатерина Айдова 1500 метрлік қашықтықта бақ сынасады.

Биатлоншылар Галина Вишневская мен Дарья Усанова ізге түсу сайысында өнер көрсетеді.

Ал тау шаңғысы спортынан Мария Григорова жарыс жолына шығады.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы