383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велотрекшілер өзара мықтыны анықтады

  • 394
  • UPD: 18:21, 12.02.2018
Велотрекшілер өзара мықтыны анықтады

Еліміздің ең үздік велотрекшілері соңғы 4 күн бойы Астанада өзара мықтыны анықтады.

«Сарыарқа» спорт кешенінде өткен бәсекеге барлық өңірден 200-ге жуық спортшы жиналды. Бұған қоса көрші Ресейден арнайы келіп, өз бағын сынаған шабандоздар да бар. Мәселен, топтық скретчте Артем Захаров топ жарды. Үздік үштікті Роман Василенков мен Роберт Гайнеев түйіндеді. Дәл осылай 21 медаль жиынтығы сарапқа салынған болатын.

Айта кетейік, қысқы чемпионат велотректен 2018 жылғы маусымның алғашқы жарысы және осы ақпан айында Малайзияда өтетін Азия чемпионатына соңғы дайындық болып есептеледі. Онда ел намысын велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері қорғайды.    

Анастасия Шаповалова, ұлттық құраманың мүшесі:

- Құрлықтық додаға дайындық жақсы жүріп жатыр. Өткен жылы мен одан күміс жүлдегер атанып қайтқанмын. Ал енді биыл алтыннан үмітім бар. Осы тұрғыда қысқы Қазақстан чемпионатының берері өте мол. Біз 4 күн бойы «Сарыарқа» велотрегінде өз мүмкіндігімізді сынадық. Физикалық және психологиялық әзірлігімізді пысықтадық. Енді бірер күннен кейін Азия чемпионатына аттанамыз.

Хабар 24 телеарнасы