384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қазақ күресінен қала біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

  • 634
  • UPD: 09:32, 13.02.2018
Алматыда қазақ күресінен қала біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда туын желбіреткен қазақ күресінен қала чемпионатында 110 балуан бақ сынасты.

Жарыс шарттары бойынша жүлдегерлер ақпан айында Атырауда өтетін «Қазақстан Кубогы 2018» халықаралық жарыста Алматы намысын қорғайтын болады. Спортшылар 8 салмақ дәрежесінде бәстесті.

Жарыстың қорытындысы бойынша 55 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Әмірәлі Жомарт, 2-орынды Тәттібай Дидар, 3-орынды Құрал Есбол мен Түзел Ерсұлтан иеленді. Ал 60 келі салмақ санатында алтынды Нигматуллаев Марат, күмісті Оспан Дауылбай, қола жүлдесін Жамбыл Мадияр және Рахматулла Ақжол олжалады. 66 келі салмақта Ілесбеков Олжас, Қашықбаев Әлібек, Рысдәулет Мәулен мен Жанәділ Жандос үздік атанды. 74 келі салмақта 1-орынды Төлемісов Амангелді, 2-орынды Оңалбай Ғабибулла, 3-орынды Әбдікәримов Болат пен Сәкенұлы Ерасыл иеленді. 82 келіде Мағауинов Ернар, Айтбай Айбол, Насиев Ельдар мен Саxан Абдықасым жүлделі орындардан көрінді.

Сонымен қатар 90 келі салмақ санатында алтынды Шәмшиев Саят олжалады, күміспен Жұмаxметов Алимжан күптелді, ал қоланы Кикимов Мақсат пен Сейтжанов Қуаныш қанағат тұтты. 100 келі салмақта Қабай Бауыржан, Жұмабай Жансерік, Жартыбаев Аманғали және Алғазы Нұрсұлтан жүйрік атанса, +100 келі жоғары салмақта Шамшиев Саят жеңіп, 100 мың теңгені еншіленді. Осы салмақ санатында күмісті Саxан Әбдіқасым (50 мың теңге), ал қоланы Амангелді Төлемісов (20 мың теңге) олжалады.

Айта кететіні, Алматы чемпионатына қазақ күресінен қалалық федерацияның бірінші вице-президенті Мақсат Кикимов та қатысты. Спортшы финалда әлем чемпионы Саят Шамшиевке жол беріп, қола жүлдені қанжығаға байлады. Бұл – Мақсат Кикимов үшін ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жарысы. Еске сала кетсек, 2015 жылы ол «Алматы Барысы 2015» турнирінің чемпионы атанған.

Хабар 24 телеарнасы